$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Талапқа сай емес»: республикалық автожолдардың бойындағы 374 дәретхана бұзылатын болды

Қазіргі уақытқа дейін 15 дәретхана құлатылды

«Талапқа сай емес»: республикалық автожолдардың бойындағы 374 дәретхана бұзылатын болды
Фото ашық дереккөзден

Республикалық маңызға ие автожолдардың бойындағы 400-ге жуық  дәретхана лас, талапқа сай келмейді. Бүгінгі таңда республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында шамамен 1700-ге жуық қызмет көрсету нысандары бар. Оның ішінде 1 147 нысан немесе 70% ұлттық стандарт талаптарына сәйкес келеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Автожолдардың бойында санитарлық-гигиеналық тораптар ашу басым мәселе. Республикалық маңызы бар жолдардың бойында 618 демалыс алаңы бар, оларда жеке инвестициялар есебінен модульдік үлгідегі санитарлық-гигиеналық тораптар орнатуға болады. Ұлттық компания қызметкерлері өңірлерде шағын және орта бизнес өкілдерімен белсенді жұмыс жүргізуде. Кәсіпкерлер санитарлық-гигиеналық тораптардан басқа модульдік павильонда сауда алаңдарын жасақтай алады. Бүгінгі таңда 53 модульдік СГТ жұмыс істейді, жыл соңына дейін демалыс алаңдарында осындай 20 нысанды орнату жоспарланған», - деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспаөз қызметі.

Ведомство республикалық жолдардың бойында орнатылған 374 дәретхананы бұзу туралы шешім қабылдаған. Түсіп жатқан шағымдарға байланысты мұндай объектілерді кезең-кезеңімен бөлшектенеді. Қазіргі уақытқа дейін санитарлық-гигиеналық талапқа сай келмейтін 15 дәретхана құлатылды.

«Пайдаланушыларды қажетті ақпаратпен қамту үшін, яғни бағыт құруға, маршрут бойындағы барлық нысандармен танысуға, рейтингтер мен шолуларды көруге және демалыс аялдамаларын алдын ала жоспарлауға мүмкіндік беретін мобильді қосымша әзірленуде. Қосымша интернетсіз де жұмыс істей бермек. Бұл қосымша осы жылдың желтоқсан айында пайдаланушылар үшін қолжетімді болады», - деді министрліктің баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары