$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда сақ дәуірінде жерленген жауынгердің қабірі табылды

Жауынгер 3 метрден астам тереңдікте орналасқан ағаш қораптың ішінен шыққан

Алматыда сақ дәуірінде жерленген жауынгердің қабірі табылды

Алматыда археологиялық қазба жұмыстары кезінде сақ дәуірі жауынгерінің қабірі табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ғалымдардың зерттеуінше табылған құнды жәдігерлер б.з.д. V-II сақ дәуіріне жатады. Құнды жәдігер Алатау ауданының аумағында ерте темір дәуірінің авариялық қорғандарындағы археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған. Қабір шұңқырында алтынмен безендірілген қылыштың сынықтары, сондай-ақ аң бейнесіндегі суреттер бар алтыннан жасалған киімге арналған кірістірулер, күміс қорытпасынан жасалған киімдер табылған. Жауынгер 3 метрден астам тереңдікте орналасқан ағаш қораптың ішінен шыққан.

«Қазба жұмыстары жыл сайын жүргізіледі, бірақ мұндай сәтті олжалар сирек кездеседі. Соңғы рет 2014 жылы киімнің алтын сынықтары табылған еді», - деді «Алматы қаласы мұражайлар бірлестігі» КМҚК директоры Ләззат Сағындықова.

Аталған мекеме Алматы қаласы мәдениет басқармасының тапсырысы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

Серіктес жаңалықтары