$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.02.2020, 18:01
Жаңалықтар

«4 жылда 374 өрт болды». ІІМ газбен жүретін көліктерді шектеу керегін түсіндірді

Қазақстанда газбен жүретін 340 мың көлік бар

«4 жылда 374 өрт болды». ІІМ газбен жүретін көліктерді шектеу керегін түсіндірді
Фото: ашық дереккөзден

Соңғы төрт жылда Қазақстанда газбен жүретін көліктерден 374 өрт шыққан. Бұл туралы Төтенше жағдайлар жөніндегі комитет басшысы Владимир Беккер айтты.

«Газбен жүретін автокөліктерден шығатын өрт санына мониторинг жасау барысында, бұл көрсеткіш жыл сайын артып жатқанын байқадық. Жыл сайын Қазақстанда 2 мыңнан астам автокөлік отқа оранады. Бұл жалпы елімізде болатын өрт оқиғасыныың 20 пайызын құрайды. Соңғы төрт жылда газбен жүретін көліктерде 374 өрт болып, 5 адам қаза тапқан. Олардың екеуі – балалар. Бұл өрттің 84 пайызы газдың таралуынан болған», - деді комитет басшысы.

Владимир Беккер комитетке тұрғын үйлер мен сауда-ойын-сауық орталықтарындағы паркингтерден тарайтын газдың иісі туралы көп шағым түсетінін айтты. 

«Шағым бойынша орган қызметкерлері зерттеу жүргізеді. Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласындағы Мega Silk Way-де былтыр паркингтегі автокөліктерден газ жайылғаны туралы 14 оқиға тіркелді. Мұның салдары жаман боулы да мүмкін еді», - дейді ол.

Оның айтуынша, Қазақстанның құрылыс нормалары газбен жүретін автокөліктерге ғимарат ішіндегі автопаркингтерге тұруға тыйым салады.

«Үкімет 13 желтоқсан күні қаулы қабылдады. Ол 1 қаңтардан бастап күшіне енді», - дейді Беккер.

Айта кету керек, ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің мәліметі бойынша, Қазақстанда газбен жүретін 340 мың көлік бар.

Оқи отырыңыз: Газбен жүретін көліктерді жабық автотұраққа қоюға рұқсат етпейді

Серіктес жаңалықтары