16.10.2022, 17:18
Жаңалықтар
Екібастұзда жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен ер адам үш күннен бері табылмай жатыр
Іздеу жұмыстары еш нәтиже бермей тұр
Фото ашық дереккөзден
Екібастұзда жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен ер адам үш күннен бері табылмай жатыр. Бұл туралы Павлодардың «Вита» іздеушілері әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол баласын балабақшаға апарған. Содан бері ұшты-күйлі жоғалған. Жұмысына да бармаған. Іздеушілер оның үйден балабақшаға дейінгі бағытын анықтаған. Сонымен қатар қала тұрғындарынан да сұрыстырылып жатыр.
Алайда жоғалған азаматты көрген адам табылмады. Із кесуші иттермен гараждар тексеріліп жатыр.
Іздеу жұмыстары еш нәтиже бермей тұр. Жігітті табу үшін іздеу шаралары жалғасып жатыр.
Көп оқылған
15.11.2026, 11:03
«Жеңіл ақша» үшін SIM-карта рәсімдеу: ІІМ азаматтарға ескерту жасады
15.11.2026, 07:18
Астанада көктайғақ, Алматыда қар: үш күнге арналған ауа райы болжамы
15.11.2026, 08:51
Қазақстанда балалар арбасымен автобусқа мінуге тыйым салынғаны рас па? Министрлік жауап берді
15.11.2026, 15:43
Қостанай облысында екі көлік соқтығысып, төрт адам зардап шекті
