16.10.2022, 15:33
Жаңалықтар
Нигерияда жойқын су тасқынынан 500-ге жуық адам қаза тапты
1,5 миллион адам үйлерінен кетуге мәжбүр болды
Фото ашық дереккөзден
Соңғы айларда муссон басталғаннан бері Нигерияда су тасқыны 500-ге жуық адамның өмірін жалмады, 1,5 миллион адам үйлерінен кетуге мәжбүр болды. 45 мыңнан астам тұрғын үй қирап, 70 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы алқаптары жойылды.
Жолдардың және инфрақұрылымның бүлінуіне байланысты бүкіл елде жанармай тапшылығы байқалады, Абуджадағы жанармай құю бекеттерінде кезектер пайда болды. Су тасқынының салдары барлық дерлік аймақтарға әсер етті, халыққа азық-түлік дағдарысы қауіп төндіріп тұр.
Қазіргі су тасқыны соңғы 10 жылдағы ең жойқын тасқын болды. Су тасқынының себебі – нөсер жаңбыр.
Метеорологиялық болжамдарға сәйкес, жауын-шашын қараша айының соңына дейін тоқтамайды.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды