«Билет жіберемін»: Қатар әмірі Тоқаевты футболдан әлем чемпионатын тамашалауға шақырды

20 қараша-18 желтоқсан аралығында Қатарда футболдан әлем чемпионаты өтеді

«Билет жіберемін»: Қатар әмірі Тоқаевты футболдан әлем чемпионатын тамашалауға шақырды
Фото: Ақорда

Бүгін Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Қатар әмірі шейх Тәмим бен Хамад әл-Тәни ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге өткізген брифинг кезінде оны әлем чепионатына шақырды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Шейх Тәмим бен Хамал әл-Тани қараша айының жиырмасында Қазақстанда президент сайлауы өтіп жататынына қарамастан, Тоқаев әлем күткен спорт додасын тамашалауға келеді деген үмітін жеткізді.

«Алдағы айдың аяғында Қатарда футбол чемпионаты басталады. Президент мырзаны чемпионатқа шақырамын. Қазақстанда ол уақытта президент сайлауы, көптеген саяси науқан жүріп жататынын білемін. Бірақ осы чемпионатқа келеді деп үміттенемін», - деді Қатар әмірі.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылы 20 қараша мен 18 желтоқсан арасында Қатарда футболдан әлем чемпионатының ойындары өтеді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.