Тоқаев Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде ресми түрде тіркелді
Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясында хабарланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде ресми түрде тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан Республикасының кезектен тыс президенттік сайлауында Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат ретінде тіркелсін», - делінген Орталық сайлау комиссиясының қаулысында.
ҚР ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, барлық құжаттар баптың. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 59-бабы 5-тармағына сәйкес заңда белгіленген мерзімде қабылданды.
«Осылайша, ҚР президенттігіне кандидатты тіркеуге қажетті барлық рәсім сақталды», - деді Нұрлан Әбдіров.
Еске салайық, кезектен тыс сайлау 20 қарашаға белгіленген.