$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қарағанды облысында ер адам әйелді 3-қабаттың балконынан лақтырып жіберді

Жарақат алған әйел ауруханада жатыр

Қарағанды облысында ер адам әйелді 3-қабаттың балконынан лақтырып жіберді
Фото: mk.ru

Қарағанды облысында әйел адамды балконнан лақтырып жіберген күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қарағанды облысы, Қарқаралы аудандық полиция бөліміне ауданға қарасты ауылдардың бірінен 48 жастағы азаматшаның дене жарақаттарымен ауруханаға түскені туралы хабарлама түсті.

«Жедел-тергеу тобының қызметкерлерімен жәбірленушіден дене жарақаттарын қандай жағдайда алғандығын анықтау үшін жауап алу жүргізілді. Белгілі болғандай, ол оқиға болған күні өзінің 39 жастағы танысының үйінде болған. Отырыс барысында екеу ара сөзге келіспеушілік болған. Арада шыққан дау-жанжал барысында 39 жастағы азамат жәбірленушіні үшінші қабаттан балконнан жерге лақтырып жібергені анықталды», - деп көрсетті Қарағанды облыстық Полиция департаменті.

Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Ол қызуқандылықпен осындай қадамға барғанын айтты.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары