$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Танымал құқық қорғаушы Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде ұсынылды

Салтанат Тұрсынбекова «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі атынан ұсынылды

 

Танымал құқық қорғаушы Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде ұсынылды
Фото: Facebook/saltanat.tursynbekova

Қазақстан президенттігіне тағы бір әйел адам өз кандидаттығын ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Орталы сайлау комиссиясының хабарлауынша, танымал құқық қорғаушы әрі қоғам белсендісі Салтанат Тұрсынбекова «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі атынан ұсынылды.

Салтанат Тұрсынбекова ұзақ жылдар бойы азаматтық құқықтарды, әсіресе әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғап келеді. Әсіресе, тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресу саласында белсенділік танытты.

Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі. Сонымен қатар ол «Отбасылық зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасының жетекшісі болды.

Айта кетсек, 8 қазанда президент сайлауына қатысу үшін Қарақат Әбден ОСК-ға құжаттарын тапсырған болатын.

Бүгінгі таңда ОСК Қасым-Жомарт Тоқаевты қосқанда, сайлауға қатысатын 6 кандидатты тіркеді.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді.

Серіктес жаңалықтары