$ 538.2  629.64  6.34
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.10.2022, 18:28
Саясат

«Мені ешкім мұндай қадамға итерген жоқ»: Қарақат Әбден неліктен президентікке үміткер болғанын айтты

Ол мұндай шешімді өзі қабылдағанын айтып отыр

«Мені ешкім мұндай қадамға итерген жоқ»: Қарақат Әбден неліктен президентікке үміткер болғанын айтты
Фото ашық дереккөзден

Президенттіке үміткер Қарақат Әбден Орталық сайлау комиссиясына кандидат ретінде құжаттарын тапсырды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

Президентікке үміткерлердің арасында әзірге жалғыз әйел кандидат ретінде тіркелген Қарақат Әбден құжаттарын тапсырып болғаннан кейін, ОСК-ның баспасөз залында БАҚ өкілдерімен кездесті.

Журналистердің сұрақтарына жауап беру кезінде Қарақат Әбден мұндай шешімді әлдемкімдердің ықпалымен емес, өзі қабылдағанын айтты. 

«Бұл менің өз жеке басымның шешімі. Мені ешкім мұндай қадамға итерген жоқ. Бұл менің өзімнің шешімім, өзімнің ұстанымым», - деді ол.

Десе де, қоғам қайраткеріне президентікке үміткер болу туралы ұсынысты ең алдымен «Әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы» қоғамдық бірлестігі айтқан екен. Сондай-ақ, Қарақат Әбден саясаткер ретінде ешқандай сын-қатерден қорықпайтынын жеткізді.

«Ұсынысты маған қоғамдық бірлестік айтты. Мен олардың айтқанымен келістім. Ол қоғамдық бірлестікпен біз көп жылдан бері қоян-қолтық жұмыс істеп келеміз. Қарастырып жүрген мәселелеріміздің бәрі бір. Сондықтан да олардың мұндай ұсынысына бірден келістім, қуана келістім. Мен үшін бұл үлкен мәртебе.Сонымен қатар, үлкен жауапкершілік. Ал енді болашақтағы сайлаудың нәтижесі қандай болатыны әзірге белгісіз. Менің ойымша, саясаткер қорықпау керек, әрқашанда дайын болу керек. Мұндай лауазымға үміткер болу оңай емес, толқып тұрғаным рас», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары