$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ұлттық банк басшысы доллардың не себепті қымбаттап жатқанын түсіндірді

Теңгенің долларға шаққандағы бағамы 0,9%-ға әлсіреді

Ұлттық банк басшысы доллардың не себепті қымбаттап жатқанын түсіндірді
Фото: ашық дереккөзден

ҚР Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов теңгенің әлсіреп, доллар бағамының көтерілуіне қандай факторлар әсер етіп жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«2022 жылдың қыркүйегінде теңгенің долларға шаққандағы бағамы 0,9%-ға әлсіреп, бір доллардың құны 476,53 теңге болды», - деді Ғалымжан Пірматов Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, теңге бағамына, сондай-ақ басқа да дамып келе жатқан нарықтардың валюталарына АҚШ Федералды резервтік жүйесінің ақша-несие саясатын белсенді түрде қатайтуы, АҚШ долларының жаһандық нығаюы, геосаяси қақтығыстардың өршуі арқылы қысым жасалып жатыр.

«Икемді айырбас бағамын қалыптастыру валюта нарығының тиімділігін арттыруға және халықаралық резервтерді сақтауға көмектеседі», - деп түйіндеді Ұлттық банк басшысы.

Серіктес жаңалықтары