Валюта бағамы: 11 қазанда доллар қанша теңгеден сатылып жатыр

Azattyq Rýhy

Сейсенбі күні доллардың ресми бағамы тағы көтерілді

Валюта бағамы: 11 қазанда доллар қанша теңгеден сатылып жатыр
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанның Ұлттық банкі 11 қазанға арналған доллар мен рубльдің теңгеге қатысты ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бүгін, яғни сейсенбі күні доллардың ресми бағамы тағы көтеріліп, 473,38 теңге болды.

Айта кетейік, 10 қазанда америкалық валютаның ресми бағамы 472,04 теңге болған еді.

Ресей рублінің ресми бағамы 7,62 теңге болды.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, бүгін таңғы сағат 8.00-дегі жағдай бойынша Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы 473,5 теңгеден сатып алынып, 478 теңгеден сатылып жатыр. Астананың ақша айырбастау орындарында орташа есеппен 472,5 теңгеден сатып алынып, 477 теңгеден сатылып жатыр.

Бүгінгі ресми валюта бағамы бойынша:

USD / KZT – 473,38 (АҚШ доллары)

EUR / KZT – 459,42 (еуро)

RUB / KZT – 7,62 (ресейлік рубль)

TRY / KZT – 25,48 (түрік лирасы)

CNY / KZT – 66,24 (қытай юані)

KGS / KZT – 5,82 (қырғыз сомы)

UZS / KZT – 4.29 (өзбек сомы).

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.