Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады

Azattyq Rýhy

Республиканың батыс өңірлерінде жаңбыр жаууы мүмкін

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады
Фото: ашық дереккөзден

Синоптиктер 11 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қазақстанның басым бөлігіне солтүстік антициклон ықпал ететіндіктен, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Тек еліміздің батыс аймақтарында Қара теңіз аудандарынан келетін циклон анықтайтындықтан, жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Республика бойынша кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстікте, оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғып, батыста, солтүстікте және орталықта тұман түсуі мүмкін.  

Түнде Түркістан облысының солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік сақталады.

Астанада жауын-шашынсыз, күн бұлтты болады. Күндіз жел секундына 3-8 метр, түнде 9-14 метр соғады. Күндіз 15-17, түнде 0-2 градус болады.

Алматыда күн бұлтты, жауын-шашынсыз, жел секундына 2-7 метр жетеді. Күндіз 16-18, түнде 2-4 градус болады.

Шымкентте де ауа райы жауын-шашынсыз болады, жел жылдамдығы 8-13 м/с жетеді. Күндіз 22-24, түнде 6-8 градус болады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.