«Зорлық-зомбылық, қауіп-қатерге тап болсақ не істейміз?»: Алматыда мектеп оқушыларымен семинар-тренинг өтті
Онда балалар ашық сұрақтар қойып, ата-анамен қарым-қатынас туралы да сауалдарына жауап алды
Алматы қаласының Білім басқармасы мен қала прокуратурасы және «JANYM» қоғамдық бірлестігі бірлесіп, И.Есенберлин атындағы № 25 гимназиясының оқушылармен семинар-тренинг өткізді.
Оның негізгі міндеті физикалық, жыныстық, эмоционалдық, зорлық-зомбылықтан зардап шеккен, қауіп-қатерге тап болған жасөспірімдерге көмек көрсетуге бағытталған. Интернетте (кибербуллинг) қауіп-қатерге тап болған, жақын адамынан айырылған, бастан кешірген жағымсыз әсерлерге ұшыраған жасөспірімдерге және олардың жақындарына қолдау көрсетуге бағытталған.
Жұмыс принциптері: экологиялық тазалық, анонимдік, құпиялылық, қолжетімділік. «JANYM» ҚБ жұмысы онлайн-платформаларда ұйымдастырылған, сонымен қатар Instagram, Tik-Tok, Facebook сияқты әлеуметтік желілерде ағартушылық және профилактикалық жұмыстар белсенді жүргізілуде.
"JANYM" ҚБ басшысы Клюжина Наталья Михайловна және Білім басқармасының психологиялық сүйемелдеу бөлімінің жетекшісі Коканова Венера Сембековна оқушылармен семинар-тренинг өткізді.
Семинар барысында балалар тарапынан ашық сұрақтар қойылды, қорқынышпен күресуге және кәмелетке толмағандар арасындағы деструктивті мінез-құлықтың алдын алумен волонтерлік қызметке ниет білдірушілер болды.
Өмірлік қиын жағдайға тап болған кез-келген жасөспірім және олардың ата-аналарына, бала мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынасы туралы сұрақтарға жауап ала алады.
Жасөспірімдер үшін сейсенбі күндері Instagram желісінде «Жасөспірімдер қонақжайы», «Біз маңызды нәрселер туралы айтамыз» жобалары аясында «JANYM» ҚБ мамандарымен және Білім басқармасы жанындағы Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының психологтарымен онлайн кездесулер өткізіледі, жасөспірімдерге арналған марафондар ай сайын қазақ және орыс тілдерінде ұйымдастырылады.
Ата-аналар үшін бейсенбі күндері кәмелетке толмаған балалар қарым-қатынас мәселелері бойынша тікелей эфирде «Ата-аналар қонақжайы» онлайн жобасы жүзеге асырылып жатыр.
Мақсатты – дағдарыс жағдайындағы жасөспірімдер мен олардың ата-аналарына психологиялық қолдау көрсету. Көмектің бұл түрі жасөспірімдерде суицидтік, девиантты, аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу болып табылады.
Онлайн көмекті қиын өмірлік жағдайға тап болған кез-келген жасөспірім және олардың ата-аналары ала алады.
Психологтар үшін жұма күндері тікелей эфирде "Психологпен сұхбат" офлайн жобасы жүзеге асырылуда.