$ 514.94  583.74  6.13
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырауда 3 азамат көпқабатты үйдің жертөлесіне марихуана еккен

Полицейлер шағын жылыжайдан 17 қарасора бұтасын тәркіледі

Атырауда 3 азамат көпқабатты үйдің жертөлесіне марихуана еккен
Фото ашық дереккөзден

Атырауда 3 азамат көпқабатты үйдің жертөлесіне марихуана еккен. Тұрғын үйдің төменгі қабатын есірткі зертханасына айналдырғандардың үшеуі де диструктивті ағым өкілдері екені анықталды. Олар жертөлені арнайы жарық, жылу, ауа алмастыру құрылғыларымен жабдықтаған. Сол жерде есірткі дайындаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Астана арнасына сілтеме жасап.

Полицейлер шағын жылыжайдан 17 қарасора бұтасын тәркіледі. Күдіктілердің тұрғылықты мекен-жайын тінту кезінде қару мен марихуана есірткісін пайдалануға арналған құралдар, сондай-ақ, ел аумағында тыйым салынған діни әдебиеттер табылды. Еш жерде жұмыс істемейтін азаматтардың бұл заңсыз іспен қашаннан бері айналысқаны анықталуда.

«Барлығы – Атырау қаласының тұрғындары. Қазір күдіктілерге қатысты ҚК 300 бабы және 297 бабтары бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Аталған азаматтардың барлығы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», - деді Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.

Серіктес жаңалықтары