Таиландтағы балабақшаға жасалған шабуыл: қаза тапқандар саны 37-ге жетті
Шабуылдаушы – 34 жастағы Панья Камраб

Таиландтың солтүстік-шығысындағы балабақшаға тапанша және пышақпен қаруланған ер адамның шабуылынан кем дегенде 37 адам, оның ішінде 22 бала қаза тапты, деп хабарлайды ВВС агенттігі.
Шабуыл Нонгбуалампу провинциясында болды. Бастапқыда полиция Бангкокта берілген нөмірлері бар TOYOTA ақ пикапын іздеуде деп хабарланды. Содан кейін Таиландтың орталық тергеу бюросы (CIB) ер адамның өзін-өзі өлтіргенін, сондай-ақ әйелі мен баласын атып өлтіргенін мәлім етті.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, шабуылдаушы – 34 жастағы Панья Камраб. Өткен жылы ол есірткі қолданғаны үшін полиция қызметінен босатылған.
Полиция өкілі журналистерге хабарлағандай, Камраб бір күн бұрын есірткі бойынша сот отырысына қатысқан.
Таиланд бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Камраб мылтық, тапанша және пышақпен қаруланған. Сондай-ақ, ол өз көлігімен өтіп бара жатқан адамдар тобына басып кірген.
Айта кетейік, 2020 жылы Накхонратчасима провинциясындағы әскери қызметкердің шабуылынан 20-дан астам адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алған еді.