$ 514.94  583.74  6.13
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ШҚО-да КамАЗ аударылып, 25 тонна күкірт қышқылы төгілді

Аталған фактінің мән-жайын полицейлер анықтап жатыр

ШҚО-да КамАЗ аударылып, 25 тонна күкірт қышқылы төгілді
ШҚО Экология департаменті

Өскемен - Рахман қайнары тасжолының Катонқарағай ауданындағы учаскесінде КамАЗ аударылып, 25 тонна күкірт қышқылы төгілді. Бұл туралы ШҚО экология департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға 5 қазанда Өскемен - Рахман қайнары тасжолының 227-шақырымында, яғни Катонқарағай ауданы Ново-Хайрузовка ауылының маңында болған. Автоцистернасы бар Камаз аударылып қалып, соның салдарынан 25 тонна күкірт қышқылы төгілді. Ол 50 шаршы метр жерге жайылып кеткен.

«Күкірт қышқылын залалсыздандыру және ластау көзін жою мақсатында аталған учаскеге 15 тонна әк төгілді. Енді департамент қызметкерлері жердің ластану деңгейін анықтау үшін оқиға орнына барып топырақ сынамасын алады. Ластану салдарын жою бойынша міндеттер күкірт қышқылын тасымалдаған «АМ Logistic» ЖШС-не жүктеледі», - деп хабарлады ШҚО экология департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, аталған фактінің мән-жайын Катонқарағай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері анықтап жатыр.

Серіктес жаңалықтары