$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.02.2020, 15:26
Жаңалықтар

СҚО-да кәсіпкерден пара алған шенеунік айыппұлмен құтылды

Ол жергілікті бизнесменнің тендер жеңіп алуына қолдау көрскені үшін 200 мың теңге пара алған

СҚО-да кәсіпкерден пара алған шенеунік айыппұлмен құтылды

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі облыстық әкімдіктің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары Ғ.Х.Тасболатовқа қатысты сот үкімі шықты.

Ол бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысындағ серіктестіктердің бірінің директорынан Ақжар ауданының автокөлік жолдарын қарау және қызмет көрсету бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсын жеңіп алуға қолдау жасағаны үшін 200 мың теңге сомасында пара бопсалады деген күдікке ілінген болатын. Тергеу амалдары күдікті растап, шенеуніктің оңай олжа таппақ болған әрекетін әшкешереді. Араны ашылған шенеунік бармақ басты, көз қысты әрекеттерге жол бергені үшін заң алдында жауап береді.

Петропавл қалалық сотының үкімімен Тасболатовқа 4 миллион 500 мың теңге көлеміндегі айыппұл төлеу міндеттелді және өмір бойы мемлекеттік лауазымды қызмет атқару құқығынан айыру жазасы кесілді. Осылайша ақша бопсалап, пара алған шенеунік жазадан айыппұл төлеумен құтылды. 

Бұған дейін СҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жетекшісі Ернар Баянғазин басқарма жетекшісінің орынбасарларына қатысты екі істің сотқа берілгендігін айтқан болатын.

«Күдіктілердің кінәсі дәлелденген жағдайда, басқарма жетекшісі сот үкімі шыққаннан кейін он күн ішінде жұмысынан босату туралы өтініш беруі керек. Ал соңғы, яғни орнында қалдыру-қалдырмау жөнінде шешімді жоғары тұрған басшылық қабылдайтын болады», - деді Ернар Баянғазин.

Эльмира Мәмбетқызы, СҚО

Серіктес жаңалықтары