Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны екі есеге көбейді

Azattyq Rýhy

Өкінішке қарай, COVID-19 инфекциясынан 2 адам көз жұмды

 

Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны екі есеге көбейді
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда өткен тәулікте 59 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

Атап айтқанда:

Астана қаласында - 9, Алматы қаласында - 8, Шымкент қаласында – 1, Ақмола облысында – 12, Ақтөбе облысында – 0, Алматы облысында - 2, Жетісу облысында - 1, Атырау облысында - 1, Шығыс Қазақстан облысында - 1, Абай облысында - 0, Жамбыл облысында - 0, Батыс Қазақстан облысында - 2, Қарағанды облысында - 6, Ұлытау облысында - 3, Қостанай облысында - 6, Қызылорда облысында - 0, Маңғыстау облысында - 0, Павлодар облысында - 2, Солтүстік Қазақстан облысында - 5, Түркістан облысында - 0.

Жалпы еліміз бойынша COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 1 393 779 адамға жетті. 

Сондай-ақ елімізде өткен тәулікте 104 адам аурудан емделіп шықты.

Оның ішінде:

Астана қаласында - 18, Алматы қаласында - 14, Шымкент қаласында - 0, Ақмола облысында - 2, Ақтөбе облысында - 0, Алматы облысында - 0, Жетісу облысында - 4, Атырау облысында - 5, Шығыс Қазақстан облысында - 2, Абай облысында - 0, Жамбыл облысында – 0, Батыс Қазақстан облысында - 5, Қарағанды облысында - 17, Ұлытау облысында - 0, Қостанай облысында - 36, Қызылорда облысында - 0, Маңғыстау облысында - 0, Павлодар облысында - 1, Солтүстік Қазақстан облысында - 0, Түркістан облысында - 0.

Елімізде барлығы 1 379 096 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

5 қазандағы мәлімет бойынша, 1 121 адам коронавирус инфекциясынан (–991 + және 130 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 119 пациент стационарда, 1 002 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Өкінішке қарай, COVID-19 инфекциясынан 2 адам көз жұмды.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 3 адамның жағдайы ауыр,

- 3 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.