$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Президент сайлауы: Мейрам Қажыкен үміткерлерден бірінші болып құжат тапсырды

Ол «Аманат» Қазақстан кәсіподақтарының достастығы» атынан кандидаттығын ұсынды

Президент сайлауы: Мейрам Қажыкен үміткерлерден бірінші болып құжат тапсырды
Фото: aiu.kz

Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат болып ұсынылғаны туралы құжаттарды алғашқы болып Мейрам Қажыкен өткізді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.   

«4 қазанда Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 54 және 55-баптарына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған кезектен тыс сайлауы бойынша сайлау құжаттарының нысандарын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 67/545 қаулысына сәйкес Қажыкен Мейрам Зекешұлының «Аманат» Қазақстан кәсіподақтарының достастығы» Республикалық кәсіподақтар бірлестігінен Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болып ұсынылуы туралы құжаттары ұсынылды», - делінген ОСК хабарламасында.

«Аманат» Қазақстан кәсіподақтарының достастығы» атынан үміткер болып отырған Мейрам Қажыкен төмендегі құжаттарын ұсынған:

1. «Аманат» Қазақстан кәсіподақтарының достастығы РКБ жоғары органы отырысының Қазақстан Республикасының Президенттігіне ұсыну туралы хаттамасынан үзінді;

2. М.З. Қажыкеннің Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болуға келісімі туралы өмірбаяндық деректері қоса берілген өтініші;

3. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасының енгізілгенін куәландыратын құжат;

4. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

5. Жоғары білім туралы дипломдардың көшірмелері.

Тақырыпқа орай: Президент сайлауына қатысатын тағы бір кандидат белгілі болды

Айта кетсек, бүгінге дейін президенттікке үміткерлердің ешбірі ОСК-ға құжат тапсырмаған.   

Серіктес жаңалықтары