$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«ҚазТемірТранс» Қостанай филиалының директоры сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталды

Ол жүк вагондарын кедергісіз және жедел жеткізгені үшін пара алды деп айыпталды

«ҚазТемірТранс» Қостанай филиалының директоры сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталды

«ҚазТемірТранс» Қостанай филиалының директоры сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

2022 жылғы 3 қазанда Қостанай қаласының №2 сотымен «Қазтеміртранс» АҚ Қостанай филиалының директоры Б. Усабеков пен «Вадиса М» ЖШС директоры С. Таировқа қатысты айыптау үкімі шығарылды.

Сот үкімімен Усабековке орташа қауіпсіздік мекемесінде 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Антикор хабарлағандай, аталған тұлғалар жүк вагондарын кедергісіз және жедел жеткізгені үшін пара алды, берді деп айыпталды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сол үкіммен Таировқа пара беру фактісі бойынша параның жиырма еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл тағайындалды, бұл 24 млн теңгені құрайды.

Серіктес жаңалықтары