Енді адамның жемқорлыққа қатыстылығын Egov.kz арқылы білуге болады
Қызметтің орындалу мерзімі 10 минут, қосымша деректерді анықтау үшін тексеріс кезінде 5 жұмыс күні қамтылады
Азаматтардың сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны жөніндегі мәліметтерді беру мемлекеттік қызмет көрсету санатына ауыстырылды. Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметінше, қолданыстағы еңбек заңнамасында сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған адамдар үшін белгілі бір шектеулер қарастырылған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Квазимемлекеттік сектор ұйымына жұмысқа тұру кезінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар немесе жоқ екені туралы анықтама ұсынуға міндетті. Қазір квазимемлекеттік ұйымдарға жұмысқа орналастыру кезіндегі тиісті шектеу барлық лауазымдарға қолданылады. Бұрын бұл шектеулер басқарушылық функцияларды орындауға қатысты лауазымдарға арналған болатын», – делінген Бас прокуратура мәліметінде.
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті адамның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны жайында мәліметтерді беруді мемлекеттік қызметтер көрсету санатына ауыстырды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қабылдануы және ұсынылуы www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Қызметтің орындалу мерзімі 10 минут, қосымша деректерді анықтау үшін тексеріс кезінде 5 жұмыс күні қамтылады.