$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Биыл Шығыс Қазақстанда орманды алқаптар 324 рет өртенген

Соның салдарынан 10 мың гектардағы жасыл желек күлге айналды

Биыл Шығыс Қазақстанда орманды алқаптар 324 рет өртенген
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

ШҚО орманды алқаптың отқа орануынан бюджетке 288 млн теңгеден асатын шығын келді. Бұл қыркүйек айында болған алапат өртті есепке алмағандағы мәлімет, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Сол кезде қызыл жалын Қатон-Қарағай ұлттық паркінің, және Күршім мен Үлкеннарым орман шаруашылығының аумағын шарпыған еді. Аталған оқиғаға қатысты, қазір тергеп тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сала мамандары өрттің нақты деген шыққанын анықтауға кіріскен.

Министрліктің мәліметінше, осы жылдың өзінде Шығыс Қазақстан облысында 324 рет орманды алқап өртенген. Соның салдарынан 10 мың гектардағы жасыл желек күлге айналды. Тексеріс қорытындысы жақын күндері жарияланады.

«Өрттің шығу себебін анықтау үшін ТЖМ арнайы бөлім қызметкерлері, прокурорлар мен анықтаушылар жұмыс істеп жатыр. Бірлескен жұмыс нәтижесінде орманды алқапты күлге айналдырған оттың неден шыққаны белгілі болады», - деді ШҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Қайрат Мейрембеков.

Серіктес жаңалықтары