$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Төреғали Төреәлі 10 млн теңге кепілақы төлеп, бостандыққа шығады

Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабы бойынша тергеу жүріп жатыр

Төреғали Төреәлі 10 млн теңге кепілақы төлеп, бостандыққа шығады
Фото ашық дереккөзден

Бұзақылық жасағаны үшін қамауға алынған әнші Төреғали Төреәлі бостандыққа шығады. Бұл туралы Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сот мәліметінше, әншінің қорғаушысы сотқа оны кепілдікпен босату жөнінде өтініш түсірген. Іс бүгін қаралған.

«Кеген аудандық соты күдікті Төреғали Төреәліні 10 млн теңге кепілдікпен босату жөніндегі істі қарады. Кепілдікпен босату ҚР Қылмыстық процессуалдық кодексте қарастырылған»,- делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Көлсай демалыс аумағында гидті соққыға жыққаны үшін Төреғали Төреәлі  уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған болатын.

Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабы бойынша тергеу жүріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары