$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қарағандыда танысының 3 миллион теңге тұратын алтын бұйымдарын ұрлаған күдікті ұсталды

Күдіктінің бір ай бойы жәбірленушінің алтын бұйымдарын біртіндеп ұрлап, ломбардқа өткізген

Қарағандыда танысының 3 миллион теңге тұратын алтын бұйымдарын ұрлаған күдікті ұсталды
фото: depositphotos.com

Қарағандыда танысының 3 миллион теңге тұратын алтын бұйымдарын ұрлаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Жаңа-Майқұдық полиция бөліміне 30 жастағы азаматша хабарласып, үйінен алтын бұйымдармен ақша жоғалғанын айтқан.

«Полиция қызметкерлері оқиға болған жерді қарау барысында есіктің сынбағаны және бірде бір із қалмағаны анықталды. Сондай-ақ, үйдің шашылмағаны да полицияның назарын аудартты. Жәбірленуші ақша мен алтын бұйымдар тартпадан ұрланғанын айтты. Осыған орай, полиция қызметкерлері бұл ұрлықты үйге кіре алатын, кілті бар біреудің жасағанын болжады», - деді Қарағанды облыстық полиция департаментінен.

Жәбірленушінің полицияға берген түсініктемесінде ұрлық болғанға дейін үш ай бұрын бір азаматпен танысып, ол азаматтың жәбірленушімен бірге тұрғаны белгілі болды. Ал, ұрлық болғаннан бір күн бұрын танысқан адам ол үйден кетіп қалғаны анықталды.

Жедел-тергеу тобы қызметкерлерімен жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 32 жастағы күдікті ұсталды. Тергеу барысында күдіктінің бір айдың көлемінде жәбірленушінің алтын бұйымдарын біртіндеп ұрлап жүргені анықталды. Күдікті ұрланған заттарды ломбардқа өткізіп, ақшасын өз пайдасына жұмсаған.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілді.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#ұрлық