30.09.2022, 16:11
Жаңалықтар
Полиция Төреғали Төреәлінің қамалған сәтін көрсетті
Әнші демалыс аймағында жүрген жігіттің басын ұрып жарған
29 қыркүйекте Көлсай демалыс аймағында гидтің басын ұрып жарғаны үшін танымал әнші Төреғали Төреәлі қамауға алынды деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.
Полиция әншінің үстінен «бұзақылық» бабы бойынша іс қозғаған. Қорғаныс министрлігінің ақпараттық сайтында Төреғалидың изоляторға қамалған сәтінің видеосы жарияланды. Ал, Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі оның ұсталғанын растады.
«Иә, Төреәлі Төреғали уақытша ұстау изоляторында. Қосымша мәліметтерді сәлден соң тағы да жариялаймыз», - деді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
