30.09.2022, 02:09
Жаңалықтар
«Союз МС-21» ғарыш кемесінің экипажы Жерге оралды
Ғарыштық экспедиция 195 тәулікке созылған
фото: www.inform.kz
29 қыркүйекте Астана уақыты бойынша сағат 16:57-де басқарылатын «Союз МС-21» ғарыш кемесінің экипажы Жерге қонды. Ол Жезқазған қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 147 шақырым жерге қонды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Ресейлік ғарышкерлер Олег Артемьев, Денис Матвеев және Сергей Корсаков 195 тәулікке созылған ұзақ ғарыштық экспедициядан оралды.
Экипаждың Халықаралық ғарыш станциясынан өтуі мен кемеге көшуінің барлық кезеңдері, люктердің жабылуы, ғарыш аппаратының стансадан ағыту және шығару процесі, ғарыш кемесінің қонған сәтінің барлығы тікелей эфирден көрсетілді.
Эфир барысында кеме командирі, ғарышқа үшінші рет ұшқан байқоңырлық Олег Артемьев: «Экипажда барлығы жақсы!» деді.
Көп оқылған
20.08.2026, 10:49
19 жыл бойы жатқан: Алматы тауларындағы мұздықтан табылған альпинистің кім екені анықталды
20.08.2026, 16:18
«4,5 млн теңгені қарызға беріп, кейін сотпен қорқытты»: Ұлдана Мырзуанның анасы күйеу баласы туралы сұмдық жайды әшкере етті
20.08.2026, 12:07
«Әзіл деп ойладым, анам хабарласқан соң ғана сендім»: Ұлдана Мырзуанның экс-күйеуі сотта сөз сөйледі
20.08.2026, 12:22
«4 млн теңгесін ата-анасына қайтардық»: Әділет Зейнел әкімдіктен 20 млн теңге алғанын айтты