$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қарқаралыдағы аламанда атынан айырылған шабандоз бала мәреге жаяу жүгіріп жетті

Мәреге бір шақырым қалғанда сәйгүлік құлап, жүрегі жарылып кеткен

Қарқаралыдағы аламанда атынан айырылған шабандоз бала мәреге жаяу жүгіріп жетті
Фото: ашық дереккөзден

Бәйге Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Татан ауылындағы мешіттің ашылуына орай өткен екен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Хабар 24-ке сілтеме жасап.

30 шақырымға созылған жарысқа 25 ат қатысқан. Ә, дегеннен қара үзіп, 6 айналым бойы аламанның алдын бермеген «Бақторы» есімді сәйгүлік мәреге бір шақырым қалғанда құлап, жүрегі жарылып кеткен. Осы кезде алматылық кішкентай шабандоз Арнат Мұратхан аттың жүгенін сыпырып алып, мәре сызығын жаяу кесіп өтті.

Бірақ соңында келе жатқан сәйгүлік жаяу баладан озып, намысшыл ұлға екінші орын бұйырды. Дегенмен төрешілер баланың бағын байламай, бір миллион теңге жүлдені қанжығасына байлап берді. Мәрт азаматтар жүлдеден бөлек анасы екеуіне шетелде демалуға жолдама да сыйлады.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#бәйге