$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Сауд Арабиясы қазақстандықтарға қажылық жасауды жеңілдетпек

Қазақстандықтар енді қажылық пен ұмра рәсімдерін сапалы әрі ыңғайлы орындай алады

Сауд Арабиясы қазақстандықтарға қажылық жасауды жеңілдетпек
фото: egemen.kz

Сауд Арабиясының қажылық және ұмра министрлігі Елордада воркшоп өткізіп, қазақстандықтар үшін қажылық жасаудың жаңа мүмкіндіктерін айтты. Туризм бағыттарын талқылап, жаңа «НУСУК» платформасымен таныстырды. Электрондық платформа қажыларға ақпарат пен қызметтердің кең спектрін ұсынады. Бұл туралы Azattyq Ruhy astanatv-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Сонымен қатар, ұсынылатын қызметтердің сапасын арттырып, келушілердің діни және мәдени тәжірибесін байытады, дейді ұйымдастырушылар.

«Қазіргі таңда Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы туризм байланысы нығайып келеді. Бізде қазақ бизнесіне қолдау көрсетуге өз үлесімізді қосу ниетіндеміз. Біз 3 бағытта халыққа қызмет көрсетеміз. туризм, қажылық және умраға саяхат жасауға болады. қазақстандықтардың көбі - мекке мен мәдина қаласын таңдайды.Былтыр 36000 адамға қажылық қызмет көрсетсек, алдағы уақытта бұл көрсеткішті ұлғайту жоспарда бар», - деді «НУСУК» ұйымының басқарушы директоры Фахд Хамидадин.

Күні кеше Сауд Арабиясы мен Қазақстан арасында туристік бағыттарды дамыту бойынша бірнеше меморандумға қол қойылды. Екі ел арасында әуе рейстері көбейеді.Авиакомпаниялар жолаушылар тасымалын аптасына 4-тен 8-ге дейін арттыруды көздеп отыр. Бұл – Қазақстандағы «ашық аспан» режимі аясында жүзеге асырылмақ. Елдер арасындағы ынтымақтастықтың дамуына мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың үлесі зор. Бірнеше ай бұрын Президент Сауд Арабиясына барып, Королдіктің жоғары басшысымен және іскер топ өкілдерімен кездесу өткізіп, туристік бағыттарды дамыту бойынша келісімдерге келді.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#қажылық