27.09.2022, 10:58
Жаңалықтар
СҚО-да алғашқы қар жауды
Жылыту маусымы екі күн бұрын басталған болатын
Фото: inform.kz
Солтүстік Қазақстан облысында алғашқы қар жауды. Синоптиктердің болжамынша алдағы күндері күн райы -4 градусқа дейін төмендемек, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.
Түнде жауған қар таңға таман жаңбырға ұласты. Облыс орталығында жылыту маусымы екі күн бұрын басталған болатын. Бірінші кезекте аурухана, балабақша, мектеп сынды тағы басқа әлеуметтік нысандар қамтылуы тиіс. Алайда коммуналдық компания олардың басым көпшілігіне жылу беріп үлгерген жоқ. Ал көпқабатты үйлер екінші кезекте тұр.
Көп оқылған
24.11.2026, 14:08
«Жалғыз перзентімен бірге кетті»: Ақтөбе облысында атақты дәрігер мен баласы бір күнде ажал құшқан
24.11.2026, 20:36
Ертістегі қайғылы оқиға: Шығыс Қазақстанда үш балықшы жұқа мұз астына түсіп, қаза тапты
