26.09.2022, 11:49
Жаңалықтар
ҚР Әскери-әуе күштерінің жаңа қолбасшысы тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді
Фото: ашық дереккөзден
Қасым-Жомарт Тоқаев Руслан Қоңыровты ҚР Қарулы күштерінің Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы етіп тағайындады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Зарлықұлы Қоңыров Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды», - делінген хабарламада.
Бұған дейін Р. Қоныров ҚР ҚҚ Әскери-әуе күштері қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы қызметін атқарған.
Айта кетсек, Мемлекет басшысының өкімімен Нұрболат Еркебайұлы Топаев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды.
Көп оқылған
05.10.2026, 14:39
Ресейде оба таралды ма? Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл үндеу жасады
05.10.2026, 09:58
«Сүрленген ет сатамын»: Астанада дәмді ет жегісі келген 31 адам 1,7 млн теңгесінен қағылды
05.10.2026, 15:58
Алаяқтар қазақстандықтарға тоғыз ай ішінде 187 миллион рет қоңырау шалған – Сәденов Тоқаевқа есеп берді