$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жаңбыр соңы қарға ұласады: Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады

Еліміздің солтүстік өңірлерінде термометрдің түнгі көрсеткіштері 1-6 градусқа дейін төмендейді

Жаңбыр соңы қарға ұласады: Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады
Фото: ашық дереккөзден

«Қазгидромет» РМК 27-29 қыркүйек күндері Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Синоптиктер болжамынша, еліміздің бірқатар аумағында өңірлерде қар жауып, арты қарға ұласады.

«Қыркүйектің соңғы аптасында нағыз күзгі ауа райы күтіп тұр. Алдағы тәуліктерде солтүстік-батыс циклонның соңынан суық антициклон келеді. Республиканың солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде жаңбырдың соңы қарға ұласады, көктайғақ, тұман болып, ауа температурасы төмендейді. Жел күшейіп, еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл соғады», - делінген хабарламада.

Еліміздің солтүстік өңірлерінде термометрлердің түнгі көрсеткіштері 1-6 градусқа дейін төмендейді, ал күндіз ауа температурасы 1-6 градусқа дейін аздап жоғарылайды, республиканың оңтүстік және батыс өңірлерінде күндіз ауа температурасы15-23 градусқа дейін жылынады.

Серіктес жаңалықтары