$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шекара жабылған жоқ, ресейліктер кіріп жатыр – СҚО шекара қызметі

Барлық бекет штаттық режимге сай жұмыс істеп тұр

Шекара жабылған жоқ, ресейліктер кіріп жатыр – СҚО шекара қызметі
Фотоколлаж

Солтүстік Қазақстан облыстық шекара қызметі Ресеймен шекара жабылғанын жоққа шығарды. Құзырлы орган өкілдері бүгін әлеуметтік желілерде тараған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі. 

СҚО-дағы шекара қызметінің баспасөз хатшысы Санат Әзімхановтың айтуынша, барлық бекет штаттық режимге сай жұмыс істеп тұр.

«Бүгінгі таңда Қазақстан-Ресей шекарасында Қазақстан Республикасына кіріп жатқан шетел азаматтарының саны артқан.

Орнатылған 30 автомобильдік өткізу пункті штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Адамдар мен көліктер ағынының ұлғаюына байланысты, оның төртеуінде кептеліс бар. Ахуал ерекше бақылауда. Шекара қызметі мемлекеттік құзыретті органдармен бірлесіп, шекара арқылы өту орындарында қауіпсіздік пен құқықтық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуде. Ресей шекара ведомствосымен өзара бірлескен іс-қимыл ұйымдастырылды.

ҰҚК Шекара қызметі өзінің іс-әрекетінде халықаралық шарттарды және ҚР ішкі заңнама нормаларын басшылыққа алады», - делінген аталған ведомство таратқан хабарламада.

Ресейде әскери міндеті бар азаматтарды мобилизациялау науқаны басталғаннан бері Солтүстік Қазақстан облысындағы 2 шекара бекеті арқылы көрші мемлекеттен 30 мыңға жуық азамат келді. Халыққа қызмет көрсету орталықтарына келушілер саны күрт көбейгені байқалады. Ұзын-сонар кезек болдырмау мақсатында қызметкерлер саны көбейтілді. Ресейліктер ХҚКО-на жеке сәйкестендіру номерін алу үшін ағылуда. Жергілікті полиция қызметі адам көп жиналатын қоғамдық орындарда кезекшілікті күшейтті. Құзырлы орган шет елден келгендерді қылмыстық жауапкершілікке тару дерегі тіркелмегенін жеткізді.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#СҚО #Ресей #шекара