$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ОСК президент сайлауына неліктен 20,5 млрд теңге жұмсалатынын түсіндірді

Қаржы министрлігіне сайлау науқанын өткізудің болжалды сметасы ұсынылды

ОСК президент сайлауына неліктен 20,5 млрд теңге жұмсалатынын түсіндірді
Фото: kp.kz

ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина ҚР Президенті сайлауын өткізуге кететін шығынның қайда жұмсалатынын түсіндіріп өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy

Оның айтуынша, шығынның басым бөлігі барлық деңгейдегі сайлау комиссияларының 70 мыңнан астам мүшесінің ең төменгі жалақы көлемі бойынша бекітілген еңбекақысына жұмсалмақ.

«2019 жылы ең төменгі жалақы 42 500 теңге болса, биыл 60 000 теңге болды. Сондай-ақ осы сайлау науқанына арналған сметаның бірден көтерілуі, ең алдымен, кез келген науқанның 80 пайызын құрайтын жалақы қорына байланысты. Бүгінгі таңда біз Қаржы министрлігіне сайлау науқанын өткізудің болжалды сметасын ұсындық. Қазіргі кезде 20,5 млрд теңге сомасын талқылап жатырмыз», - деді Сәбила Мұстафина.

Ол сондай-ақ жаңа облыстар мен жаңа сайлау учаскелерінің құрылуына байланысты сайлау жәшіктерін сатып алу және жарамсыз болып қалған жәшіктерді ауыстыру үшін белгілі бір сома сұратылғанын айтты.

«Елімізде жәшік шығаратын төрт кәсіпорын бар, олардың бағасы 72 мыңнан 114 мың теңгеге дейін өзгеріп отырады. Яғни, әр кәсіпорынның урнаны өндіруге кететін шығыны әртүрлі», - деді С. Мұстафина.

Тақырыпқа орай: Президент сайлауына үміткерлерді ұсыну 23 қыркүйекте басталады

Ол сайлау бюллетеньдерінің қымбаттағанына тоқталды.

«2019 жылы бір бюллетеньді дайындау құны 11 теңге болса, қазір оның бағасы 22 теңгеге дейін өсті. Біз сонымен қатар Брайль шрифті бар трафарет шығаруды да жоспарлап отырмыз, ол әр сайлау учаскесінде белгілі бір санаттағы тұлғаларға арналған. Бұл кезектен тыс президенттік сайлау болғандықтан, сайлауға қаражат үкімет резервінен бөлінеді», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары