$ 514.94  583.74  6.13
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елімізде шала туып шетінеген нәрестелердің көрсеткіші жоғары – министр

Нәресте өлімінің ең жоғары көрсеткіштері Шымкент қаласы, Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында байқалады

Елімізде шала туып шетінеген нәрестелердің көрсеткіші жоғары – министр

Ана өлімінің ең жоғары көрсеткіші Павлодар, Қарағанды, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарында байқалады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді.

«Оның себебі құрылымында-акушерлік асқынулар 70%, соматикалық аурулар-30% болып отыр. Нәрестелер өлім-жітімінің көрсеткіші 1000 тірі туғанға шаққанда 8,3-ті құрады. Нәресте өлімінің ең жоғары көрсеткіштері Шымкент қаласы, Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында байқалады. 33% жағдайда 1 000 граммға дейін шала туған, салмағы аз балалар шетінеген», − дейді министр.

Серіктес жаңалықтары