$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Дәрігерлердің орташа жалақысы 421 мың теңгеге жетті – министр

Орта медицина қызметкерінің жалақысы шамамен 235 мың теңгені құрады

Дәрігерлердің орташа жалақысы 421 мың теңгеге жетті – министр
Көрнекі фото: ашық дереккөзден

2022 жылы дәрігерлердің орташа жалақысы 421 мың теңгеге жетті. Бұл ретте орта медицина қызметкерінің жалақысы шамамен 235 мың теңгені құрады. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Медицина қызметкерлерін ынталандыру үшін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2020 жылдан бастап медицина қызметкерлерінің жалақысын 2023 жылға қарай экономикадағы орташа жалақыдан 2 есе жоғары деңгейге дейін жеткізу мақсатында жыл сайын арттыру бойынша шаралар қабылдануда», - дейді министр.

Оның айтуынша, биыл 10 өңірде (Атырау, Ақтөбе, Алматы, Абай, Жетісу, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Павлодар, Маңғыстау облыстары) 38 мың тұрғынға медициналық көмек көрсететін 2 «Жәрдем» және «Саламатты Қазақстан» медициналық пойыздарының жұмысы қайта жанданады.

Серіктес жаңалықтары