ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 78 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Нұр-Сұлтанда тағы 2 көше бірбағытты болады

Қала әкімдігіне «Есіл» сауда орталығы маңында тұратын тұрғындар шағымданған

Елордада 15 ақпаннан бастап Исмаилов пен Рамазан көшелері бірбағытты болады деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Аталған қос көше «Есіл» сауда орталығының маңында орналасқан. Мұндағы көлік қозғалысын реттеу мақсатында осындай шара қолданылады.

«Елорда әкімдігіне тұрғындар тарапынан аталмыш көшелердегі қиын қозғалыс туралы көптеген өтініштер келіп түсті. Нәтижесінде, Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасымен бірге жолдың техникалық жағдайына шолу жасап, бір бағытты қозғалыс енгізу туралы шешімді қабылдады. Көлік қозғалысын сағат тілімен ұйымдастыру жоспарланған, атап айтқанда бір жақты қозғалыс Рамазан көшесінің бойымен шығыс бағытта және Әубәкір Ысмайылов көшесімен батыс бағытқа қарай ұйымдастырылады. Енгізілетін өзгерістерге байланысты құзыретті органдар жүргізушілерден жол ережесін сақтап, сапарды алдын ала жоспарлауды сұрайды», - делінген әкімдік таратқан ресми хабарламада.