$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елімізде 2025 жылдан бастап дәрігерлерді лицензиялау жүйесі енгізіледі

Заң жобасы қабылданса, лицензиясыз дәрігерлер ешқайда жұмысқа тұра алмайды

Елімізде 2025 жылдан бастап дәрігерлерді лицензиялау жүйесі енгізіледі
Фото ашық дереккөзден

2025 жылдан бастап дәрігерлерді лицензиялау жүйесі енгізіледі. Бұл туралы  денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Министрдің айтуынша, әрбір медициналық қызметкер өзінің лицензиясы үшін басымен жауап беру керек.  Бұл заң жобасы қабылданса, лицензиясыз дәрігерлер ешқайда жұмысқа тұра алмайды. Бұл саладағы қызмет сапасы мен дәрігерлердің мәртебесін арттыру үшін жасалмақ. Сондай-ақ, министр жыл сайын медицина қызметкерлерінің үстінен шамамен 300-ге жуық қылмыстық іс қозғалатынын айтты. Оның көбі хирургиялық бейіндегі мамандарға қатысты болған. Себебі бұл бағытта өлім-жітім тәуекелі жоғары.

«Көптеген жұмысын дұрыс атқара алмаған дәрігерлер, бір ұйымнан шығып келесі ұйымға жұмысқа тұрып жатады. Бұл заң жобасы бойынша әр медициналық қызметкер өзінің лицензиясымен жауап береді. Яғни, лицензиясы болмаса жұмыс жасай алмайды. Ешқайда жұмысқа тұра алмайды», - деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.

Серіктес жаңалықтары