19.09.2022, 21:52
Жаңалықтар
Түркістан облысында шенеунік 1,5 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді
Күдікті үйқамаққа алынды
Фото ашық дереккөзден
Түркістан облысы Шардара ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы 1 500 000 теңге пара алды деген күдікке ілінді. Бұл деректі Түркістан облыстық соты растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Күдіктіге мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адам бола тұра, өзінің қызмет бабын жеке бас пайдасына пайдаланып 1 500 000 теңге пара алды деген айып тағылып отыр.
«Түркістан қаласының мамандандырылған тергеу сотының 2022 жылғы 14 қыркүйектегі қаулысымен күдіктіге үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы 3 айға, 2022 жылғы 21 қазан сағат 15:08 минутқа дейін ұзартылған», - делінген Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды