18.09.2022, 11:20
Жаңалықтар
«Сен ең үздік ұлттық чемпион болып қала бересің»: Мемлекет басшысы Геннадий Головкинге қолдау көрсетті
Президент Головкиннің Қазақстанды әлемдік аренада танымал ету үшін зор үлес қосқанын атап өтті
Фото ашық дереккөзден
Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпқой бокстан екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағы үшін мексикалық Сауль "Канело" Альвареске қарсы шаршы алаңға шыққан Геннадий Головкинге телефон шалып, оған қолдау көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy БОРТ N1 телеграм-арнасына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Геннадий Головкиннің Қазақстанды әлемдік аренада танымал ету үшін зор үлес қосқанын атап өтті.
«Сен жанкүйерлер үшін әлемдегі және еліміздегі ең үздік ұлттық чемпион болдың және чемпион болып қала бересің. Біз сені мақтан тұтамыз!» - деді Президент.
Көп оқылған
01.10.2026, 09:38
Ақтауда бір топ полицей түнгі клубтардың бірінде алаңсыз жүрген жас жігітке тап берді (ВИДЕО)
01.10.2026, 09:35
«Жалаңаяқ қыз» әнінің бағын ашқан танымал әнші өмірден озды
01.10.2026, 16:20
Ұлдананың анасы да, оның отбасы да Әділет Зейнелді жәбірленушілер қатарынан көргісі келмейді – адвокат
01.10.2026, 14:18
Астанада блогер Ерболат Жанабылов әйелімен жанжалдасқаннан кейін қамалды