$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Талдықорғанда 3 жасар баланың өліміне қатысы бар деген күдікпен 23 жастағы қала тұрғыны ұсталды

Қылмыстық іс облыстық полиция департаментінің ерекше бақылауына алынды

Талдықорғанда 3 жасар баланың өліміне қатысы бар деген күдікпен 23 жастағы қала тұрғыны ұсталды
Фото ашық дереккөзден

Талдықорған қаласында 3 жасар баланың өліміне қатысы бар деген күдікпен 23 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Бұл туралы ІІМ мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ведомствоның хабарлауынша, 12 қыркүйекте Талдықорғандағы аурухананың бірінде 3 жасар бала көз жұмған. Дәрігерлер балаға басы жарақаттанған деген диагноз қойған.
Оның өліміне қатысы бар деген күдікпен бұрын осы баланы қарап баққан 23 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Қызды УҰИ қамауға алды, бірақ кейінірек қалалық сот күдіктіге «үй қамағы» санкциясын берді.

Осы факті бойынша сараптама тағайындала отырып, тергеу ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігі (абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) негізінде жүргізіледі. Қылмыстық іс облыстық полиция департаментінің ерекше бақылауына алынды.

Серіктес жаңалықтары