18.09.2022, 10:34
Жаңалықтар
«GGG-Канело» жекпе-жегі: мексикалық боксшы жеңіске жетті
12 раундта аяқталған айқастың қорытындысын төрешілер шығарды
Фото ашық дереккөзден
Лас-Вегастағы T-Mobile Arena стадионында өткен қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы 12 раундтық бокс жекпе-жегі аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Головкин (42:1:1) мен Альварес (57:2:2) арасындағы үшінші кездесу мәресіне жетті. Мексикалық боксшы бұл жолы да жеңіске жетті.
Отандасымыз Геннадий Головкин Сауль Альварестен бұл кездесуінде де есе қайтара алмады.
Мексикалық боксшы WBA, WBC, WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағын жеңіп алды. Осылайша ол абсолютті әлем чемпионы атанып отыр.
Көп оқылған
27.10.2026, 13:01
Атырауда «қайын жұртын қырып тастаған» жігітті өмір бойына соттаған атақты судья марапатталды (ВИДЕО)
27.10.2026, 17:43
Ресми ақпарат: Жеңіс Қасымбек жаңа лауазымға ие болды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды