$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Азаматтарға құжаттарын ауыстырудың еш қажеті жоқ – министр елорда атауын өзгертуге қатысты

ХҚО-лар азаматтардың құжатын бұрынғы режимде қабылдайтын болады

Азаматтарға құжаттарын ауыстырудың еш қажеті жоқ – министр елорда атауын өзгертуге қатысты

Әділет министрі Қанат Мусин елорданы Астана деп өзгерткен жағдайда қазақстандықтарға құжаттарын ауыстырудың еш қажеті жоқ деп мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар министрден Астананы қайта атау туралы шешім қабылданған жағдайда қажетті рәсімдер туралы сұрады.

«Азаматтарға құжаттарын ауыстырудың еш қажеті жоқ. Егер бұрынғы атау көрсетілсе, онда ол жарамды деп саналады. ХҚО-лар азаматтардың құжатын бұрынғы режимде қабылдайтын болады. Қаржылық шығындарға тоқталсақ, қалалық мәслихат елорданы қайта атау мәселесін қарау кезінде қосымша шығындар болмайтынын айтты.

Көше атауларын, маңдайшаларды өзгертуге келсек, оларды шұғыл түрде өзгертудің еш қажеті жоқ. Бұл процестер бюджет қаражатына байланысты жоспарлы режимде өтетін болады. Бүгінде құжат айналымы цифрлық форматта жүргізілуде, осыған байланысты қосымша шығындар болмайды», - деді Қанат Мусин депутаттың сұрағына жауап бере отырып.

Серіктес жаңалықтары