$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Біз тұлғаны емес, реформаны қолдау үшін жиналып отырмыз»: Қазақстанда жаңадан қоғамдық қозғалыс құрылды

Жаңадан құрылған жалпыреспубликалық қоғамдық қозғалыс сайлаудан кейін де жұмыс істейтінін жеткізді

«Біз тұлғаны емес, реформаны қолдау үшін жиналып отырмыз»: Қазақстанда жаңадан қоғамдық қозғалыс құрылды

Елімізде Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдайтын жалпыреспубликалық қоғамдық қозғалыс құрылды. Олар бүгін Алматыда «Тоқаевтың реформалары үшін» баспасөз конференциясын өткізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

Жаңадан құрылған жалпыреспубликалық қоғамдық қозғалыс сайлаудан кейін де жұмыс істейтінін жеткізді. Бастамшыл топ өкілдерінің қатарында Мереке Құлкенов, Райымбек Баталов, Ақберен Елгезек, Сергей Пономарев, Бекнұр Қисықов, Дәулеткерей Кәпұлы, Әділ Ахметов, Назгүл Қарабалина, Марат Шибұтов және өзге де белсенділер бар.

«Күні кешегі жолдауда Президент өскелең ұрпақты қолдауға бағытталған әлеуметтік-экономикалық сипаттағы бірқатар шараларды жариялады. Ұлттық қор табысының бір бөлігін барша қазақстандық балалардың игілігіне жұмсау, «Самрұқ-Қазынаның» таза табысының 7%-ын «Қазақстан халқы» қорына аудару және тағы да басқа. Халық қазір осы бастамалардың барлығының нақты іске асқанын қалайды. Сондықтан біз осыларды аяғына дейін жеткізу үшін Мемлекет басшысына мүмкіндік беріп, жан-жақты қолдау көрсететін боламыз», – деп атап өтті қозғалыс қатысушылары.

Серіктес жаңалықтары