15-қыркүйекте декларация тапсыру мерзімі аяқталады

Azattyq Rýhy

Дегенмен әлі 85 мыңнан астам адам декларацияны тапсырмаған

15-қыркүйекте декларация тапсыру мерзімі аяқталады
фото: www.gov.kz

Жалпыға бірдей декларациялау аясында салық декларациясын тапсыру мерзімінің аяқталуына 3 күн қалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Кірістері мен мүлкі туралы декларация (270.00-нысан) 2022 жылғы 15 қыркүйекке дейінгі мерзімде электронды түрде тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органына ұсыну қажет.

Оны жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттілік берілген адамдар мен олардың жұбайлары және мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттілік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары тапсыруы тиіс. Сонымен қатар «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес декларацияны табыс ету міндеті жүктелген адамдар декларация тапсыру міндетті.

«2021 жылы жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы  декларациясын (250.00-нысан) ұсынған адамдар 2022 жылы кірістері мен мүлкі туралы декларацияны (270.00-нысан) ұсынуы тиіс. Бұл міндеттеме мемлекеттік қызметтен босатылған тұлғаларға және декларация тапсыруға міндетті азаматтар санатынан шыққан тұлғаларға да қатысты», - делінген Қаржы министрлігінің хабарламасында.

Егер салық декларациясы мерзімінде табыс етілмесе, онда салық органдары бәр рет ескерту жасайды. Ескерту берілгеннен кейін бір жыл ішінде жеке тұлға тарапынан қайталап бұзушылық орын алса, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.