$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бестөбе тұрғыны кварц кенін өңдейтін заңсыз цех ашқан

Қазір аталған факті бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр

Бестөбе тұрғыны кварц кенін өңдейтін заңсыз цех ашқан
фото: Polisia.kz

Ақмола облысына қарасты Бестөбе кентінің тұрғыны кварц кенін өңдейтін заңсыз шағын цех ашқан, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

9 қыркүйекте Степногорск қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері Бестөбе кенті тұрғындарының бірінің шаруашылық құрылысынан кварц кенін өңдейтін шағын цехты анықтады. 33 жастағы ақмолалықтың айтуынша, ол заңсыз жабдықты өз қолымен құрастырған, ал құрамында алтыны бар материалды үйінділерден жинаған.

Алғашқы тергеу іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 2 шар ұнтағышты, 2 жуғыш үстелді және 1 ұнтағышты тәркіледі.

Аталған факті ҚР ҚК 295-1-бабы 1-бөлігі (Бағалы металдардың заңсыз айналымы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

Серіктес жаңалықтары