Отбасы Банкі 1 қазаннан бастап депозиттер бойынша өтемақы алуға өтініш қабылдайды

Azattyq Rýhy

Өтінішті 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін беруге болады

Отбасы Банкі 1 қазаннан бастап депозиттер бойынша өтемақы алуға өтініш қабылдайды
Фото: ашық дереккөзден

Отбасы Банкі 1- қазаннан бастап депозиттер бойынша өтемақы алуға өтініш қабылдайды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Отбасы банкінде ашылған қазақстандықтардың депозиттері ҚР Ұлттық Банкі мен ҚР Үкіметінің теңгелік салымдарды қорғау бағдарламасына қатысады. Бұл Отбасы Банк салымшылары 2022 жылдың 23 ақпанындағы жағдай бойынша жинақталған өз салымдарына 10% көлемінде өтемақы төленетінін білдіреді.

Салымдар бойынша қаражатты есептеу тәртібі бүгін күшіне енген жеке тұлғалардың ұлттық валютада орналастырылған депозиттері бойынша өтемақы төлеу қағидаларымен реттеледі.

«10% көлемінде өтемақы төленетін ең жоғарғы сома 20 млн теңгеге тең. Бұл бір банкте ашылған барлық депозиттердің жалпы сомасы. 2022 жылдың 23 ақпанындағы жағдай бойынша Отбасы банкінде жалпы көлемі 1,6 трлн теңгеге 2,3 млн жинақ шоты болды. Бекітілген ережеге сәйкес, өтемақы өтініш беру арқылы төлем келісімін растаған салымшыларға ғана төленеді. Клиенттерге ыңғайлы болу үшін біз бұл процесті онлайн режимінде жасадық. Өтініштерді 2022 жылдың 1 қазанынан бастап 2023 жылдың 1 қаңтарын қоса алғанда www.otbasybank.kz мекенжайы бойынша Баспана маркет жылжымайтын мүлік порталындағы жеке кабинетте беруге болады», - деді «Отбасы Банк» АҚ Басқарма Төрайымы Ләззат Ибрагимова.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.