$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қостанай облысында бұрын сотталған азаматтан 4 келі гашиш тәркіленді

Жыл басынан бері облыста заңсыз айналымнан 176 килограмнан астам түрлі есірткі құралдары тәркіленді. Оның ішінде 555 грамы героин, 18 кг гашиш, сондай-ақ 800 грамм синтетикалық есірткі

Қостанай облысында бұрын сотталған азаматтан 4 келі гашиш тәркіленді
фото: Қостанай облысы ПД

Қостанай облысының Әулиекөл ауданында облыстық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері үйінде аса ірі мөлшерде есірткі сақтаған жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қарасора – 2022» операциясы аясында жедел уәкілдер Аманқарағай ауылында 52 жастағы ер адамның үйінен есірткі тәркіледі. Тексеру барысында полицейлер пештен екі полиэтилен пакет тапты. Жасырын сөмкелерде жасыл, ұнтақ тәріздес, ерекше иісі бар зат сақталған. Жүргізілген сараптамаға сәйкес алынған зат жалпы салмағы төрт килограмға жуық «гашиш» есірткі заты болып табылады. Бұл салмақ аса ірі мөлшерге жатады. Ер адам бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті қамауға алынды.

Серіктес жаңалықтары