Таразда халықаралық қолөнершілер көрмесіне 11 млн теңгеден аса қаражат жұмсалады

Azattyq Rýhy

Көрме 2022 жылдың қазан айының алғашқы онкүндігінде өтуі тиіс

Таразда халықаралық қолөнершілер көрмесіне 11 млн теңгеден аса қаражат жұмсалады
Фото ашық дереккөзден

Жамбыл облысы әкімдігінің туризм басқармасы «Тараз – Қолөнершілер қаласы» қолөнершілер көрмесін өткізу үшін лот жариялады, деп хабарлайды Liter.kz.

Көрмені ұйымдастыру бойынша лот Мемлекеттік сатып алу сайтында жарияланған. Оның құны – 11 500 000 теңге.

Техникалық ерекшелікке сәйкес, көрме «Көне Тараз» этномәдени кешенінде 2022 жылдың қазан айының алғашқы онкүндігінде өтуі тиіс. Іс-шара төрт күнге созылады.

Көрме аймақтың тарихы мен мәдениетінің тартымдылығы туристер арасында кеңінен танылуы үшін өткізіледі. Сонымен қатар көрме арқылы олар аймаққа тән қолөнерді жандандырып, дамытуды жоспарлап отыр. Қолөнер нарығы мен отандық туристік кәдесый өнімдерін дамыту да маңызды.

Орындаушы тарап сол сияқты іс-шараға қонақтар мен өзге де қатысушылардың қатысуын қамтамасыз етуі керек:

көрменің арнайы қонақтары – Дүниежүзілік қолөнер кеңесінің сараптамалық комиссиясы – 3 адам (президент, вице-президент және сарапшы).

  • Азия-Тынық мұхиты аймағындағы қолөнер қауымдастығының президенттері – 3 адам.
  • алыс шетелден келген қолөнершілер – 20 адам.
  • жақын шетелден келген қолөнершілер – 77 адам.
  • Қазақстанның басқа өңірінен келген қолөнершілер – 35 адам.
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.