12.09.2022, 09:09
Жаңалықтар
«Канеломен» жекпе-жек: Геннадий Головкин Лас-Вегасқа ұшып барды
Қазақ боксшысының Альвареспен үшінші жекпе-жегі осы қалада өтеді
Фото: Instagram/gggboxing
Геннадий Головкин Сауль «Канело» Альвареспен үшінші жекпе-жекке соңғы ре дайындық жасау үшін Лас-Вегасқа ұшып барды. Бұл туралы боксшы Instagram парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Вегастамыз. Жекпе-жек аптасына дайынбыз», - деп жазды Геннадий Головкин желідегі парақшасына.
Еске салайық, 2017 жылы Головкин мен Альварес арасындағы кездесу 12-раундта тең есеппен тартысты аяқталған болатын. Реванш-матчта «Канело» төрешілер шешімімен жеңіске жетті деп саналды.
Үшінші кездесуде қарсыластар екінші орта санаттағы абсолютті әлем чемпионы атағына таласады. Кездесу бұған дейінгі екі бокс кеші өткен T-Mobile аренасында өтеді.
Көп оқылған
01.10.2026, 09:38
Ақтауда бір топ полицей түнгі клубтардың бірінде алаңсыз жүрген жас жігітке тап берді (ВИДЕО)
01.10.2026, 09:35
«Жалаңаяқ қыз» әнінің бағын ашқан танымал әнші өмірден озды
01.10.2026, 14:18
Астанада блогер Ерболат Жанабылов әйелімен жанжалдасқаннан кейін қамалды
01.10.2026, 16:20
Ұлдананың анасы да, оның отбасы да Әділет Зейнелді жәбірленушілер қатарынан көргісі келмейді – адвокат